лекция 6 ТСАД-1

№ 6 ДӘРІС

 

Теріс температурада жер тӨсемесін тұрғызы.

Жер төсемесін өңдеу және бекіту

 

Қысқы мерзімді жұмысты жүргізу:

1. Ойық және құрғақ құмдағы резервтерді қиыршықты қөйтаспен тасты жынысты өңдеу;

2. шағырландырылған резервтен үйіндіні турғызу;

3. 3 метрден жоғары сазды топырақтан құрғақ ойықты тұрғызу;

4. болтада құмдақ топырақтан үйіндіні турғызы;

5. торфтау;

6. дреналық кескін салу;

1. регуляциялық құрылыстың үйінді құламасын бекіту

 

Жер төемесін бекіту

Оңдеу жұмыстары

   Өңдеу жұмысы депжер төсемесінің жобалық келбетін беретін

жұмысты айтасмыз

   Өңдеу жұмыстарына арнайы машиналар қолданылады:

автогрейдерлар;

құлама жоспарлаушылары;

өңдеу машиналары.

Үйіндіде ең алдымен жер төсемесінің беті жоспарланып, онан

кейін құлама жоспарланады. Ал үйіндіде керісінше

 

Бекіту жұмыстары

 

   Бекіту жұмыстарын құламада жел, су, температураның жеріне байланысты жүргізіледі:

құнарлы топырақ қабаты бойынша немесе гидросебу бойынша шөпті себу;

темір бетонды элементтермен;

тасты тастаумен

 

Ойықтарды қазу және үйінділерді тұрғызу

 

Топырақ қазу шөміштің сыйымдылығы 0,65 м3 экскаватормен тоқтатылмай жүргізіледі (1 сурет). Жұмыс тек қаты борандарда тоқтатылады, сосың тұрғызылатын үйіндінің үстінен барлық қар және мұз алынған сон жұмысты ары қарай жалғастырады.

 

 

1 сурет. Қысқы уақытта тереңдігі 5 м дейінгі ойықты тура күректі экскаватормен өңдеу схемасы:

 

а) кескін; б) – жобасы;

1 – тоң қабаты; 2 – ойықтын табанының жобалық белгісі; 3 – 0,2 м жетпейтін топырақ; 4 – жылжу қадамы; 5 – автомобиль-самосвал.

 

Мұз қату тереңдігіне байланысты қолданады:

1. шпурдың диаметірі 45-50 мм шпурлық зарядтар (мұз қату тереңдігі 0,6-1,5);

2. шпурдың диаметірі 60-70 мм шпурлық зарядтар (2 сурет) (мұз қату тереңдігі 2 м дейін;

3. шпурдың диаметірі 75 мм жоғары скважиналық зарядтар (3 сурет) (мұз қату тереңдігі 2 м жоғары.

Үлкен диаметрлі скважиналарды қазуға болмайтын кезде шұнқырлы зарядтар және горизантальды рукавалар қолданылады.

2 сурет. Шпурлы зарядтардың конструкциясы:

а) капсюл-детанаторлы заряд; б) патрон-боевикті заряд

1 – забойка; 2 – от өткізетін сым; 3 - капсюль-детанатор; 4 – ұнтақтағы жарылғыш заттардың заряды; 5 – патрон-боевик; 6 – патрондағы жарылғыш заттардың заряды.

 

2 сурет. Скважиналы зарядтардың конструкциясы:

1 – детондық сым; 2 – забойка; 3 – ұнтақтағы жарылғыш заттардың заряды; 4 – детондық сымның байланысы.

 

Жақты резервтерді жобалау

 

Жұмыс өндірісі тәсілі (қабылданатын механизмдер, тасу қашықтығы, сүлбелер) жер төсемесінің биіктігіне, гидрогеологиялық жағдайларға, топырақ резервтеріне (трассалық және шоғырланған), бойлық профильге, жердің көлденең еңістігіне, жер төсемесін түрлі механизмдермен салудың бағытталған бағалық сипаттамасына, машиналар өнімділігіне, жер төсемесінің конструкциясына және т.б. тәуелді белгіленеді.

Трассаның ситуациялық жоспары бойынша (бойлық қимада) трассалық резервтерді салу мүмкіндігін талдау қажет. Трасса орман және ауыл шаруашылығы жер-суы бойынша өткен жағдайда жанама резервтерден топырақты пайдалану мақсатты емес. Жанама резервтерді салу мүмкіндігінде олардың есептеуін беру керек.

Резервтерді жобалауда олардың негізгі техникалық нормативтерін көрсету қажет (тереңдігі, ені, бойлық және көлденең еңістері, суды бұрумен қамтамсыз ету). Бойлық қима бойынша жанама резервтерді салу мүмкіндігін анықтау үшін жер рельефінің еңістігін тексеру қажет. Үйінді биіктігіне, автожолдар категориясына,топырақтың ауыл шаруашылығына жарамсыздығына тәуелді жанама резервтерді бір жағынан да екі жағынан да салады.

 

Жер төсемесін өңдеу және бекіту

Үйінді мен ойықтын құламасын жоспарлау түрлі машиналар-бульдозерлермен, құламалы автогрейдерлермен, экскаватор-жоспарлаушылармен, бір шөмішті экскаватор-драглайнмен немесе арнайы екі отвалды жоспарлаушылармен жасалады.

Үйіндінің жайпақ құламаларының мәні 1:3 немес одан жоғары болса автогрейдер үйіндінінің үстімен жүріп жоспарлайды (1 сурет).

1 сурет. Үйіндінің жайпақ құламаларын автогрейдермен жоспарлау

   

Үйіндінің жайпақ құламаларының мәні 1:3 немес одан жоғары болса бульдозер құламаның үстімен жолдың осіна перпендикулярлы, жоғарыдан төменге қарай жүруімен жоспарланады. Үйіндінің тік құламаларының мәні 1:3 немес одан төмен болса автогрейдермен немесе сыртқа қарай пышақпен жабдықталған бульдозермен жоспарланады (2 сурет).

 

 

 

2 сурет. Автогрейдермен немесе бульдозермен тік құламаларды жоспарлауға арналған қондырғы:

а - автогрейдердің пышағын екі жақа шығару; б – бульдозердің отвалың ұзартқыш қондырғысы; 1 және 2 – ұзартқыштардың секциясы; α- құламаның еңістігінің бұрышы.

 

Биік үйінділердің және терең ойықтардың құламаларын экскаватормен жоспарлайды. Үйіндінің биіктігі 5-7 м дейін телескопиялық садақты экскаватор-жоспарлаушы қолданады (3 сурет), биік үйінділерде (14 м дейін) – екі отвалды жоспарлаушы экскаватор (4 сурет) немесе жай шөмішті драглайн қолданады.

 

3 сурет. Құламаны телескопиялық садақты экскаватор-жоспарлаушымен жоспарлау:

а – құламаның жоғарғы жағын жоспарлау; б – құламаның төменгі жағын жоспарлау; А – бірінші зонаны жоспарлау Б – екінші зонаны жоспарлау.

 

 

            б)

 

 

 

 

 

 

 

4 сурет. Құламаны екі отвалды жоспарлаушы экскаватормен жоспарлау:

а – құламаның жоғарғы жағын жоспарлау; б – құламаның төменгі жағын жоспарлау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *