лекция 3 ТСАД-1

3 ДӘРІС

 

Су Өткізгіш құбырларды салу

 

Темірбетонды құбырдын кұрылыс технологиясы:

1. құрылыс аланың дайындау;

2. бөлу жұмыстары;

3. құрылымдарды, аспаптарды, жабдықтарды түсіру және жүктеу;

4. Іргетас астында котловандарды салу;

5. шағыл тасты дайындау;

6. монолитті іргетасты салу;

7. Іргетасты топырақпен толтыру;

8. құбыр саңылауы мен блоктарды маңдайшаны орнату;

9. саңылау мен блоктарды монтаждау;

10. маңдайшадағы арықты тұрғызу;

11. гидроизоляциялық жұмыстар;

12. құбырды топырақпен толтыру;

13. бекіту жұмыстары.

 

Котловандарды салу:

Котловандарды шығу маңдайшасынан кіру маңдайшасына

жүргізеді. Құбырдың астындағы котлован құрылыс алаңында топырақты бульдозермен араластыру барысында жүргізіледі. Маңдайша астындағы котлованды құрылғылы күректен, топырақты жыраға апару барысында эксковатормен өңделеді. Онан кейін топырақты құрылыс аланынаң бульдозермен араластырады. Фундамет астындағы котлованның түбіне және құлама қабырғасын бір деңгейде салады. Котлован жұмыстық белгіге дейін 10-20 см-де өңделеді. Котлован түбін қолмен рейканың көмегімен ұзына бойлық еністік есебімен және құбырдың құрылыстық биіктігімен жүргізіледі. Котлованның өлшемі іргетас өлшеміне сай әр жағынан 0,5 м болады.

Дайындықты орнату:

   Іргетас астындағы дайындықты қалындығы 10 см қалындықтағы шағыл тастан тұрғызады.

   Құлама астындағы маңдайшаны дайындау және құлама жақтарын 10 см құмды қиыршық тас қоспасынан; арықты 30 см құмды қиыршық тас қоспасын салады.

   Шағыл таспен құмды қиыршық тас қоспасын автосамосвалдармен жеткізіп, қолмен тегістеп, электротрамболаумен тығыздайды.

Монолитті іргетасты салу:

   Шағыл тасты дайындыққа дайын щиттерден іргетас қалыбына орнатады. Қалыптың жоғарғы щиті нивелир бойынша орнатылады. Секция аралық тігістерді щиттердің көмегімен орналастырады. Іргетас еніне қарай екі щит орнатады.

   Бетонды қоспаны төсеу үшін қалыпқа су себеді. Тағайындаған соң қоспа электровибратормен тығыздалады. Вибрациялау 20-30 с. Тығыздаудың нәтижесі бетон қоспасының отыруының тоқтауы. Іргетас бетін алу және рейка астында алып тастау мен тегістеу. Еңістіктің дурыстығын рейкамен нивелир деңғейімен тексереді.

 

Іргетасты топырақпен толтыру

   Іргетасты топырақпен турғызу жергілікті діртекті топырақпен екі жағынан да бірдей 15 см қалыдықта шұнқырменмен барлық ұзындығында жүргізіледі.

 

Құбырдың маңдайшасы мен саңылауын монтаждау

 

   Монтаждау жұмыстарына аспапты тексеріс белгісін тексерген соң жәнеде пландағы фундамент жағдай кейін жүргізіледі.

   Ең берінші кіру маңдайшасы монтаждап одан кейін кранмен іргетасқа маңдайшаны орналастырып, құламалы шоқтарда орналастырады.

   Шығу маңдайшасынан кейін тік бұрышты саңлауды шығу маңдайшасы бағытын монтаждайды.

   Орнатаудың дурыстығын монтаждау процесінде соңғы бекіту элементіне дейін бақылайды.

 

Маңдайшадағы арықты орнату

   Құлама жақтарында арықтарды орналастырады. Арық түбін жобалык сызыққа дейін тазалау.

   Автомобиль-автосамосвалдармен құмды-қиыршық тас қоспасын жеткізіп, оны котлованға тікесінен тік тиейді қолмен тегістеп, электротрамболаумен тығыздайды. Дайын құмды-қиыршық тас қоспасына маркасы М-150 20 см бетонды қоспасын төсейді.

 

Гидроизоляциялық жұмыстар

   Гидроизоляциляқ жұмыстар қурғақ ауа-райында ауаның температурасы +5 0С болғанда ВСН 32-81 ңұсқауын қатысты жүргізіледі.

 

Темірбетон құбырларының құрылу технологиясы

 

Ережеге сай, суағызғыш құбырларды типтік жоба бойынша барлық құрылыс және монтаждық жұмыстардың максималды механизациясы бар индустриалды әдістерімен құрады. Жинақталғыш элементтерді темірбетон конструкциялар заводында немесе полигондарда жасап, монтаж жеріне теміржол платформасында, трейлерлерде немесе бортты автомобильдерде тасымалдайды. Жұмыс көлемдеріне және жұмыс құбыры квалификациясына байланысты барлық жұмыстар түрін кешендік бригадалар күштерімен жасайды (котловандарды қазу, жинақталғыш элементтерді монтаждау, іргетас пазухасын үю, гидроизоляцияны құру) немесе жеке жұмыстар үшін жұмыстың орындалуына байланысты объектіден объектіге ауысатын мамандандырылған бригадалар.

Құрылудағы объектілердің алаңдарында элементтерді крандармен алып түсіреді. Құбыр автомобильден тастауға және үйіндіден домалатуға, сайдың ойығынан домалатып шығаруға болмайды. Элементтерді монтаж кранының жұмыс істеп жатқан алаңына, егер де мүмкін болса, құбыр котлованының бойына қою керек. Сонымен бірге кранның жүруі үшін котлованның шетінен 4 м үлкен берма қалдырылады. Элементтерді объектілерге дұрыс бөлу үшін құбырдың бірінен соң бірін монтаждау технологиясы болуы керек. Іргетасты блоктарды төсеулерде текшелер бойынша, ал қалған блоктарды бір қабат бойынша төсейді.

Аспа арқанды тұзақтары бар буындарды көлденең және тік бағытта қоймалайды. Соңғы жағдайда барлық аспа арқанды тұзақтарға бос кіріс қамтамасыздандырылуы керек.

Құбыр іргетасына арналған котловандарды экскаваторлармен және басқа да жер қазғыш машиналарымен жасайды.

Топырақ жағдайына қарай және топырақ суларының тасқын қарқындылығына қарай котловандарды бекіткішсіз жасайды (құлама еңістермен шұғылдығын топырақ тобына және жағдайына қарай белгілейді) немесе шпунтты қоршау, түбі жоқ жәшік және салатын бекініс қорғауы астында (котлован ені 4 м және судың аз ағысында).

Ұзындығы 15 м көп котлованда, тұрақсыз топырақтарда немесе топырақ суларының қарқынды ағысында іргетастарды шығу сағасы жағынан бастап секцияларға бөліп салады.

Котлован түбіне шағыл тасты таптап тығыздауды әлсіз құмдақ топырақтарда да жасайды. Жарлы, жартылай жарлы, тығыз, құмдақ және құмды-қиыршық тасты топырақтарда котловандарды бүкіл жобалық тереңдікте салады.

Секцияның сатылы орналасуын және берілген құрылыс көтерілісін ескергендегі, яғни тұжырымды шөгінді құбыр секциясының шөгу мөлшері, блокты іргетасты монтаждау үшін дайындалған негіздің еңісі құбырдың жобалық еңісіне сай болуы тиіс.

Құбырды монтаждауда негізгі жұмысты өндіру алдында құрылыс алаңында барлық дайындық жұмыстар орындалуы тиіс (котлован қорғанды, негіз орналастырылды, тасымалданылды және құбырдың құрама элементтері мен қажетті құрылыс материалдары куәләндірілді).

Құбырдың элементтерін элемент өлшемдерін фактылық жарамдылығын ескере отыра жұмыс сызбаларының ашылатын схемасымен құрады. Құрама темірбетон құбырды монтаждау үшін жүк көтерімділігі 5-10 т (К-52, К-104) автомобиль крандарын және жүк көтерімділіг 15 т (Э-1004) гусеницалыларды қолданады..

Құрама іргетастарды монтаждауды шығу сағасы жағынан бастайды. Іргетас табаны деңгейіне дейін саға іргетасы блоктарын қойғаннан соң құбырларды шағыл таспен толтырады (цемент ерітіндісін құйғанда). Келесі блоктарды сағалардың біреуінің іргетасын бастап, құбырдың барлық секциясы мен басқа саға іргетастарында қатар қояды. Маркасы 150 кем емес цемент ерітіндісін басқа сондай көлденең тігіс ерітіндісімен құйғанда.

Құбыр буыны мен сағаны монтаждауды шығу сағасынан бастайды. Егер де құрама сағаның бірде-бір элементі іргетаспен байланысса, онда сағаны іргетаспен бірге құрады. Құбыр буындарын шығу сағасынан кіру сағасына қарай құрады.Алаңда тік орналасқан ұзындығы 1 м буындарды көлденең бұрып, монтажды тұтқаны қолдана отыра автокранмен іргетасқа, ал ұзындығы 2-3 м буындарды траверса хомутын қолдана отырып құрады. Жоғарғы және астынғы сағалары құрылған буындардың құрылу бағыты әр біреуі болуы мүмкін.

Іргетассыз құбырларды монтаждауды сағалардан бастап, кейін қойып және құмды-қиыршық тасты тығыздайды, немесе құмды-шағыл тасты жастықты қабат-қабатпен таптап тығыздайды (15 см көп емес). Жастықтың ұзына бойлық қимасы, берілген құрылыс көтерілісінің қисығына сай келетін, құбыр секцияларының ұзындығына сай келетін түзусызықты кесінділері бар сынық түрінде болуы тиіс. Жастық білігі бойында профилирленген науа құрады.

Буындарды жауын-шашын шайып кетпес үшін жастықтардан кейін құрады.

Құбырды құру жұмыстарының тізімі:

1. дайындық жұмыстар;

2. котлованды қазу (экскаватормен немесе қолмен);

3. блоктардан іргетасты салу;

4. лекальды блоктарды салу;

5. құбыр буындарын құру;

6. құбыр сағаларын монтаждау;

7. котлован қойындарын толтыру;

8. изоляцияны құру;

9. лотокты дайындауда құмды-қиыпшық тасты себу;

10. лотоктарды бетондау;

11. 0,5 м биіктікке дейін құбырды төгу;

12. ұзына бойлық жобаға дейін құбырды төгу;

13. арна мен құламаларды біріктіру.

 

 

 

 

Темірбетон құбырын құрғандағы қауіпсіздік техникасы

 

Конструкциялар мен олардың элементтерін көтерер алдында шаңнан, мұздан және тоттан тазалау қажет, ал жеке бөлшектерді (фасондарды, төсеулерді, жапқыштарды және с.с.) көтерер алдында көтеретін элементке сенімді байлау керек.

Конструкцияны және олардың элементтерін көтергенде құрылған сигнализация қолданылады (жарықтық, дыбыстық, белгілік).

Кран машинисті монтаждауды көре алмайтын жағдайда, монтаждаушылар мен оның араларында сенімді байланыс (телефон, радио және с.с.) болу керек.

Элементтер мен конструкцияларды аспа арқанға жобаға максималды ұқсас етіп орнатылатын жеріне жақын байлап жіберу керек.

Элементтер мен конструкцияларды көлденең көтеріп, тасымалдау басқа заттардан 0,5 м биіктікте жасалады.

Конструкцияларды кранмен монтажниктер жұмыс орнынан көтеріп өткізуге болмайды. Асылып берілген элементті орналастыратын жерінде 30 см кем түсірмейді. Осындай қалыпта монтажниктер өздері қолмен тартып, жобалық жеріне апарып құрады.

Монтаждау барысында адамдардың қозғалысына қауіп төндіретін зоналар қоршалынып, сақтандыратын сигналдар және белгілермен жабдықтануы тиіс.

 

   Тиеу және жеңілдету жұмыстарындағы қауіпсіздік техникасы

   Тиеу және жеңілдету жұмыстарына жауапты тұлға жұмыс басталар алдында операцияның орындалу тәртібін қарастыру керек, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамсыздандыратын шараларды ұйымдастыру, арқандарды тексеру, механизмдерді т.б. тексеруі керек.

   Тиеу және жеңілдетудің механизирленген әдісі салмағы 50 кг асатын жүктер үшін маңызды, сонымен қатар жүктерді 3 м биігірек биіктікке көтергенд маңызды.

Алаңдарға кіретін жолдар жарамды, әрі қатты жамылғыдан құралуы тиіс.

   Тиеу және жеңілдету алаңының еңістігі 50 аспауы шарт, ал олардың мөлшері мен жамылғысы жұмыс өндірісі жобасына сай болуы тиіс.Тиісті жерлерде <Кіріс>,<Шығыс>,<Бұрылу> деген арнайы жазулар болуы тиіс.

   Тиеу және жеңілдету алаңы жұмыстар өнімділігін қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын арнайы инвентармен жабдықталады.

   Тиеу және жеңілдету алаңында жүктерді орналастыру, сонымен қатар жүру мен өту жолдары технологиялық процестерге сай келуі тиіс.

   Сөрелер мен текшелер арасындағы арақашықтығы қоймаларды қамтамсыздандыратын, ені 1 м кем емес міндетті және 2,75 м кем емес негізгі бос жүру алаңы бар, көлік құралдарының және тиеу – жеңілдету машиналарының шектік көлеміне сай болуы керек. Қоймаларды жоғарыда бекітілген нормалардан асырып жүктеуге тыйым салынады.

   Максималды салмаққа жақын жүктерді екі рейс етіп тиеген жөн. Жүкті 20-30 см биіктікке көтереді де (ілгекті, кранның тұрақтылығын және тежегіштің жұмысының сенімділігін тексереді), кейін барлық биіктікке.

   Кранның қозғалысы немесе бұрылысы барысында жан-жақта адамдардың жоқтығын тексеру керек. Дыбыстық сигнал беруі қажет.

   Кранмен орналастырылатын көлденең бағыттағы жүктерді 0,5 м кем емес басқа жолда кездесетін заттардан биігірек биіктікке көтергеннен кейін тасымалдауға болады.

   Кран жебесін жұмыс ұзындығының ең кіші мәнінен асырмай, сай етіп көтерген жөн.

   Құдық пен котлованнан жүкті көтергенде ілгек порожендерін алдын ала түсіріп, барабанда 1,5 сым арқан витоктарының қалуын қадағалау керек.

   Жүктерді көтергенде жүк көтергіш құрылғы міндетті түрде жүктің үстінде орналасуы керек. Кранмен жүкті сүйреуге тыйым салынады.

   Жұмыс барысында автомобиль краны көлденең алаңда орналастырылуы қажет. Кранн

ың тұрақтылығын ұлғайту үшін таяныш домкраттарды дұрыс орналастыру керек. Оны жаңадан тұрғызылған үйіндіге, құламаға және ойықтарға жақын орналастырылуға болмайды.

   Жүктерді арқандар және шынжырлармен бекіткенде аспа асқыштардың болғаны жөн. Ал егер жүктер жартылай автоматтың алымды бейімделулерімен көтерілетін болса, онда соларды ілетін жұмысшылардың болғаны жөн.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *